Павлодарда 2016 жылы туған бала терезеден құлап кетті

0
198


Павлодарда 2016 жылы туған бала терезеден құлап кетті

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында 19 шілде күні сағат 21:55 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы ортақ балконнан 2016 жылы туған ұл бала құлап түсті. Бұл туралы Павлодар облысындағы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ.

Балада ерекше білім беру қажеттіліктері болғаны белгілі болды. Құлау салдарынан ол көптеген жарақат алып, облыстық балалар ауруханасына жедел жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Павлодар облысының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакенованың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде балалардың терезеден немесе балконнан құлауына байланысты 10 жағдай тіркелген. Қазір облыстық травматология бөлімінде 2016 және 2023 жылы туған екі бала ем қабылдап жатыр. Екеуінің де жағдайы ауыр.