Павлодарда 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққан

0
372

Бұл жағдай жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туған.


Павлодарда 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққан

Павлодар облысының полицейлері жасөспірімді ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу кезінде @mypavlodar Instagram парақшасында 19 қазан күні ер адам кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып, оны балағаттап жатқан видео жарияланды.


«Полиция осы видео бойынша тексеру жүргізді. 8 қазан сағат 14.00 шамасында Тереңкөл ауданы Тілеубай ауылында 44 жастағы ер адам 12 жастағы баланы балағаттап, ұрып-соққаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның қорытындысы – «балаға келтірілген дене жарақаттары денсаулыққа жеңіл зиян келтірілу дерегіне сәйкес келеді». Осыған байланысты ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. 20 қазанда материал сотта қаралатын болады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұл жағдайдың себебі жасөспірім мен ер адамның арасындағы келіспеушіліктен туғанын түсіндірді. 9 қазанда зардап шеккен баланың заңды өкілі өтініш білдірген.