Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылды: бір адам қаза болды

0
1 312

Мұндай ақпаратты облыстың полиция департаменті бөлісті.


Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылды: бір адам қаза болды

ERNUR.KZ. Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғылып, қайтыс болды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Жол апатына жүргізушінің жүрек талмасы себеп болған деген болжам бар. Мұндай ақпаратты облыстың полиция департаменті бөлісті.

"Автобус жүргізушісі рульді басқара алмай, трамвай бағанасына соғылған. Ер адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қайғылы оқиғаға жүрек талмасы себеп болу мүмкін деген болжам бар", - деп хабарлады ведомство.

Оқиға Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында болған.