Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашқан

0
535

15 оқушы ауруханаға түсті.


Павлодарда белгісіз адам мектепте көзді ашытатын баллон шашқан

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"23 қыркүйек күні сағат 11:00 шамасында Ленин кентінде Макаренко көшесі, 14 мекенжайындағы №33 орта мектепте белгісіз біреу 2-қабаттың дәлізіне бұрышты баллон шашқан", - деді басқарма басшысының орынбасары Тілекжан Галлямов.
Мектеп ғимаратынан 672 оқушы эвакуацияланды. 15 бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды.


Оқиға орнында екі жедел жәрдем көлігі, алты полиция қызметкері және Павлодар қаласының төтенше жағдайлар басқармасы жұмыс істеуде.