Павлодарда белгісіз сұйықтықтан уланған бес адам қайтыс болды

0
1 612

Павлодар облыстық полиция департаменті улануға қатысты оқиғаның мәнжайын айтты.


Павлодарда белгісіз сұйықтықтан уланған бес адам қайтыс болды

Павлодарда белгісіз сұйықтықтан уланған бес адам қайтыс болды. Аталған факті Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркелген, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

" 27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ бүгін, 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды", - делінген басқарма мәліметінде.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция оқиғаның мәнжайын анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғынында бір сыйымдылықта сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады. Ыдыстар алынып, сұйықтықтың қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Ал Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, белгісіз затпен улану фактісі бойынша жеті өтініш тіркелген.