Павлодарда дене шынықтыру сабағы кезінде 7 оқушы зардап шекті

0
107

Бір топ оқушы бөтелкедегі сусынға химиялық "Крот" құбыр тазартқыш құралын салып, онымен футбол ойнаған.


Павлодарда дене шынықтыру сабағы кезінде 7 оқушы зардап шекті

Фото: inform.kz

ERNUR.KZ. Пластик бөтелке жарылып, 7 баланы химиялық күйік шалды, деп жазады inbusiness.kz.

Жазатайым оқиға облыс орталығындағы №37 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде болған. 6-сыныптың бір топ оқушысы сілтілі "Крот" құбыр тазартқыш құралын сусын құйылған пластик бөтелкеге салған.

Оны футбол добы ретінде пайдаланып ойнап жүргенде бөтелке жарылып, жеті баланың денесі күйіп қалды.

– Жедел жәрдемге шақырту бүгін сағат 12.49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Анықталғандай, жеті бала зардап шеккен. Балалардың қол саусақтарын, бет-әлпеттері мен көздерін күйік шалған. Оқушылар әлгі жерде "крот"+мохито+фольга химиялық заттарын пайдаланып, ойын ойнаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің барлығы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр емес, – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Оқиға орнында медицина қызметкерлерімен қатар, өрт сөндірушілер, құтқарушылар және апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.