Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты

0
759

Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ.


Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты

ERNUR.KZ. Павлодарда ер адам аурухананың төртінші қабатынан құлап, қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдай 28 мамыр күні сағат 23:50-де болған. Ер адам Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың төртінші қабатынан секіріп, қайтыс болды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері шақырылды. Аталған факті бойынша құзыретті органдар тергеу жүргізіп жатыр.

«Науқас тыныс алу жолдарының ауруларымен ауруханаға 27 мамыр күні түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ол тиісті ем алып, өзін байыпты ұстады. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге анықталған жоқ», – деді басқармада.

Аурухананың әкімшілігі қызметтік тергеу жүргізген, алайда медицина қызметкерлері тарапынан қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін фактілер анықталған жоқ.