Ер адамның жасы 30-да.
Фото: pexels.com
ERNUR.KZ. Оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, деп жазады inform.kz.
Павлодар қаласының Малайсары батыр көшесіндегі көпқабаттың үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды. Жедел жәрдем оның бойында ешбір тіршілік белгілері жоқ екенін анықтаған.
- Ер адамның жасы 30-да. Алдын ала болжам бойынша, ол биіктен құлаған. Өмірмен үйлеспейтін жарақат алып, қайтыс болған, – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.
Аталған мекенжайда орналасқан тұрғын үй 12 қабаттан тұрады.
Полиция департаменті аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.