Марқұмның 50 жаста болғаны анықталды.
Фото: BILD
ERNUR.KZ. Дәрігерлердің мәліметінше, ер адам 6 метр биіктіктен құлап, түрлі сынықтармен ауруханаға жеткізілген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясында хабарланғандай, шақырту 5 сәуір күні түскен. Орталық өнеркәсіп аймағында 50 жастағы ер адам 6 метр биіктіктен құлаған. Айта кетейік, ол ағашта тұрған мысықты түсірмек болған.
Ер адам әртүрлі сынықтармен және травматикалық шок жағдайында ауруханаға жатқызылды. №1 қалалық ауруханада алған жарақаттарының салдарынан науқастың көз жұмғаны хабарланды.
Сол күні тағы бір әйел де биіктіктен құлап, көз жұмды.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер оқиға орнына шақыртудан кейін 2 минут ішінде жеткеніне қарамастан, зардап шегушіге көмектесіп үлгермеді. Шамамен 50-60 жастағы белгісіз әйел Марғұлан көшесіндегі үй маңында биіктен құлап, көз жұмған», – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайтыс болған әйел 1955 жылы туған. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Аталған факт бойынша тексеріс тағайындалды.


