Павлодарда әйелі күйеуін пәтерді жөндеу кезінде пышақтап тастаған

0
121

​Әйел 3 жылға сотталды.


Павлодарда әйелі күйеуін пәтерді жөндеу кезінде пышақтап тастаған

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 49 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды. Пышақ қолданған әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың қараша айында ерлі-зайыпты азаматтық некеде тұратын жұп пәтерде бірге еден құйып жатқан. Ер адамға әйелдің жұмысы ұнамай, ол серіктесін арқасынан ұрып жіберген. Бірнеше минуттан кейін әйел жауап ретінде ер адамды арқасынан пышақтаған.

Жергілікті телеарна хабарлағандай, сотта жәбірленуші шамамен 10 жыл бойы бірге тұрғандарын, бірақ некені ресми тіркемегендерін айтты. 28 қараша 2025 жылы олар күні бойы үйде ішімдік ішіп, жөндеу жұмыстарын жасаған. Еденді дұрыс құймағаны үшін жанжал туындаған. Ер адам пышақ жарақатын қалай алғанын көрмегенін, кейін ауруханада оянғанын және операция жасалғанын жеткізді. Ол соттан әйелді бас бостандығынан айырмауды сұрағанын да айтты.

Оқиғадан кейін әйел өз қателігін түсініп, жедел жәрдем шақырған. Алайда жәбірленушінің өтінішіне қарамастан, сот 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.