Отбасылық салтанатты рәсімге 50-ден астам адам жиналған.
ERNUR.KZ. Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, карантин енгізілгеніне қарамастан 18 шілде күні сағат 15.00-де қалалық дәмханалардың бірі жұмыс істеген, деп жазады pavlodarnews.kz.
Дәмхананың иесі мен отбасылық мерекенің ұйымдастырушысы тыйым салуды елемеді және адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Аталған факті бойынша иесіне, сондай-ақ отбасылық іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты материал жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Дәмхана шешім шығарылғанға дейін мөрленді, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Кайыров.
Жасқайрат Кайыровтың айтуынша, мониторинг топтар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпті бұзған 160 жағдайды анықтаған. Топ құрамына әкімдік, СЭС және полиция өкілдері кірді. Тексеріс барысында 66 дүкен, 46 дәмхана мен мейрамханалар, 12 кальян, 7 сауна мен монша кешені, 9 ТҚС және ЖҚС анықталды.
Айта кетерлігі, Қазақстанда 6 маусымнан бастап бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Павлодар облысында Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысының орындалуын мониторингтік топтар тексереді.
Тәртіп бұзушыларды заңнаманы, санитарлық ережелерді және гигиеналық нормаларды сақтамағаны үшін ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жазаланады. Жеке тұлғаларға 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 1600 АЕК айыппұл салынады.
Егер отбасылық салтанатты шара өткенен кейін, сол шараға қатысқан адамдар коронавирус жұқтырып алса немесе қайтыс болса, ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды. Тәртіп бұзушыға 5,5 миллион теңгеге дейін айыппұл немесе он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.