Павлодарда көршісіне ерегесіп шалбарын шешкен ауыл тұрғыны жазаланды

0
438

57 жастағы павлодарлықтың ерсі әдетін көршілері бейне жазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, оған шара қолдануды сұраған.


Павлодарда көршісіне ерегесіп шалбарын шешкен ауыл тұрғыны жазаланды

ERNUR.KZ. Көшеде шалбарын шешіп, ауылдастарының мазасын қашырған азамат Кенжекөл ауылының тұрғыны, деп жазады pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 57 жастағы павлодарлықтың ерсі әдетін көршілері бейне жазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялап, оған шара қолдануды сұраған.

"Полиция қызметкерлері тұрақты негізде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіп отырады. Мәселен, павлодарлықтың бей-әдеп қылығы Telegram каналда жарияланды. Бұл бейнежазбаға полиция жедел жауап беріп, ауыл тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада.
Осыдан кейін Кенжекөл ауылының 34 жастағы тұрғынынан көршісіне шара қолдану туралы өтініш келіп түскен.

"24 тамызда учаскелік полиция пунктіне көршісіне шағымданған әйел жүгінді. Оның айтуынша, оның балаларына көршісі ұрысып, өзінің шалбарын түсіргенін айтты. Ауыл тұрғыны мас күйдегі көршісіне ескерту жасаған. Алайда ер адам соңғы ескертулерге теріс жауап беріп, тағы шалбарын шешкен", – деді Павлодар қаласының оңтүстік полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Серғазинов.
Рустам Серғазинов 57 жастағы көршісіне қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. 25 тамызда сот қаулысымен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.


Полиция биылғы жылы облыс бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1433 бұзушы жазаланғанын атап өтті.