Олардың көпшілігі ауруханаға жатқызылды.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Павлодарда қыз ұзатуға мейрамханаға барып, тамақтан уланғандардың саны артты. Денсаулық сақтау басқармасының 10 маусымдағы мәліметі бойынша, жұқпалы аурулар ауруханасына 42 адам жеткізілген. Олардың көпшілігі ауруханаға жатқызылды, деп жазады stan.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, 7 маусымда мейрамханада өткен қыз ұзатуда барлығы 35 адам шағыммен жүгінген. Олардың 21-і ауруханаға жатқызылған.
Бұл уланғандардың қатарына келесі күні сол мекемеде өткен екінші мерекенің қонақтары да қосылды. Ол жерден 10 маусымда 7 адам жүгінген. Олардың бесеуі бөлімге орналастырылып, екеуі емделуге үйге жіберілді.
Павлодар облысының полиция жағдай туралы түсініктеме берді.
“Улану фактісі бойынша Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеруді бастады. Оның нәтижелері бойынша полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, - деп хабарлады ведомство.