Павлодарда өгей қыздарын зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды

0
71


Павлодарда өгей қыздарын зорлап, АИТВ жұқтырған ер адам өмір бойына сотталды

Фото: Pexels
ERNUR.KZ. Павлодар облысында 10 және 11 жастағы екі өгей қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасап, АИТВ жұқтырған ер адамға сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Stan.kz.

Тергеу мәліметінше, ер адам 2018 жылдан бері екі қызы бар әйелмен бірге тұрған. Балалардың екеуінде де ақыл-ой дамуының бұзылысы бар.

Оқиға 2025 жылдың желтоқсан айының ортасында болған. Сол күні балалардың анасы үйден шығып, қыздарын өгей әкесінің қарауына қалдырған. Ер адам ішімдік ішіп, алдымен 10 жастағы кіші қызға, одан соң 11 жастағы үлкеніне жыныстық зорлық жасаған.

Кейін ер адамның балаларға АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Тергеу дерегінше, ол инфекцияны екі қызға да жыныстық жолмен жұқтырған.

Істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сот ер адамды екі бап бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

"Қылмыстар жиынтығы бойынша Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, түпкілікті жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Сондай-ақ педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді", – деді үкімді оқыған судья Жанна Нығыбаева.