Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды

0
325

Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапқан.


Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Павлодарда пәтерден әйелдің мәйіті табылды. Құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп жазады zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған.

"Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды".Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі