Павлодарда үш күн іздеуде болған жігіттің мәйіті табылды

0
315

Павлодарда 19 жастағы жігіт суға батып кеткен.


Павлодарда үш күн іздеуде болған жігіттің мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 28 маусым күні сағат 16:00-де болған. Сол күні 19 жастағы павлодарлық жігіт орталық жағажайда демалған екен, деп жазады inbusiness.kz.

Досының сөзінше, жігіт суға сүңгіп жүрген. Алайда сол күйі су бетіне шықпай қалған.

Іздеу жұмыстары бірден басталып, үш күнге созылған. Алайда бозбала табылмады. Артынан жағалауда куәгердің бірі 19 жастағы жігіттің денесін байқап қалған. Сөйтіп, мәйітті судан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шығарған.