Павлодарда үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін көз жұмды

0
139

​Ол ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.


Павлодарда үшінші қабаттан құлаған бүлдіршін көз жұмды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Павлодардағы көпқабатты үйдің үшінші қабатынан кіреберістегі күнқағарға құлаған 9 жасар бала қайтыс болды. Ол аурухана төсегінде көз жұмды деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 шілде күні кешке болған. Тұрғын үйдің үшінші қабатындағы кіреберістің ортақ балконынан 2016 жылы туған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала құлап кеткен. Бала көптеген жарақат алған, оның ішінде сүйек сынуы мен көгерулер бар. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

«Өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Баланың жағдайы түскен кезде ауыр болды, себебі көптеген сүйек жарақатын (сыну мен ішкі ағзалардың зақымдануын) алған. Санасы бойынша: 1-дәрежелі кома. Интенсивті терапия жүргізілгеніне қарамастан, 20 шілде күні күндізгі уақытта жағдайы нашарлай бастады. Реанимациялық шаралар нәтижесіз болды. Сағат 22:00-де баланың қайтыс болғаны анықталды», – деп хабарлады медициналық мекеме.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«19 шілде күні жас бала ата-анасының қарауынсыз қалып, Ладожская көшесіндегі үйдің үшінші қабатындағы балконнан үйдің күнқағарына құлағаны анықталды. Ол жарақаттармен ауруханаға жеткізіліп, 20 шілде күні көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады, оның нәтижесі бойынша баланың заңды өкілі – анасының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.