Павлодарда жеке тұрғын үйдің құрылысы барысында қабырғасы опырылып түсті

0
130

Салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды.


Павлодарда жеке тұрғын үйдің құрылысы барысында қабырғасы опырылып түсті

Фото: Полиция департаменті

ERNUR.KZ. Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында жеке үйдің құрылысы жүріп жатқан, деп жазады inbusiness.kz.

Өкінішке қарай, құрылыс барысында қабырғасы опырылып құлап түскен. Оның астында 58 жасар жұмысшы қалып қойып, сол жерде жан тапсырды. 2005 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

"Кенжекөл ауылынан хабар 12.11-де түсті. Жеделдіктің бірінші деңгейі бойынша жедел жәрдем қызметі мен медициналық апаттар орталығы оқиға орнына жетті. Сол жерде 1967 жылы туған ер адамның өлімі тіркелді. 2005 жылы туған жігіт №1 қалалық ауруханада ем-дом қабылдауда", - деп хабарлады "103" қызметі.

Полиция аталған іске байланысты қылмыстық іс қозғады. Енді еңбек қауіпсіздігінің сақталмауын тергеп, тексереді. Әзірше оқиғаның орын алу себептері анықталуда.