Ол келіншекті қайда апарып тастағанын айтты.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттың нәтижесінде Елена Федоровичеваны жеткізіп тастаған такси жүргізушісі анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Ер адам Еленаны Бектұров көшесіне жеткізіп салған. Әрі қарай оның қайда кеткені белгісіз. Бүгін еріктілер мен полиция қызметкерлері аталған жерлерге барып, бейнебақылау камералары бар ма екенін тексерді. Өкінішке қарай, ол жерде куәгерлер мен бейнекамералар болмай шықты», – дейді Vita еріктілері.
Іздеушілер хабарсыз кеткен әйел туралы ақпарат жазылған парақшалар ілген.
Елена Федоровичева 2023 жылы 16 қаңтарда Павлов көшесі, 48 мекенжайы бойынша көк минивэнмен белгісіз бағытта кеткен.