Павлодарда жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім мас күйде көлік тізгіндеген

0
94

Полиция епартаментінің мәліметіне сүйенсек, достарымен бірге сайран салып жүрген жасөспірімді тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеу кезінде қолға түсірген.


Павлодарда жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім мас күйде көлік тізгіндеген

ERNUR.KZ. Павлодар қаласында BMW көлігін мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз айдаған жасөспірім ұсталды, деп жазады Stan.kz.

Полиция епартаментінің мәліметіне сүйенсек, достарымен бірге сайран салып жүрген жасөспірімді тәртіп сақшылары қала көшелерін патрульдеу кезінде қолға түсірген.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, ол көлікті ата-анасынан алған. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі жоқ екені және алкогольдік мас күйде болғаны белгілі болды.

“Кәмелетке толмағанға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар оның заңды өкілі де жауапкершілікке тартылды”, – деді Павлодар облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.