Павлодарлық депутат ауруханадан есірткі қолдануға арналған құрылғы тауып алғанын айтты

0
781

Депутат ауруханадан жағымсыз заттар тапқан.


Павлодарлық депутат ауруханадан есірткі қолдануға арналған құрылғы тауып алғанын айтты

ERNUR.KZ. Павлодар облыстық мәслихат депутаты Амангелді Маханбет №1 ауруханадан есірткі қолдануға арналған құрылғыларды тапқан, деп жазады stan.kz.

Депутат ауруханадан жағымсыз заттар тапқан. Кейін мұның есірткі үшін қолданылатыны анықталды.

“Жаңа салынып жатқан ауруханаға мониторинг жасауды 7-қабаттан бастадық. Осындай аппарат тұр. Мұның құрылысқа не үшін керегін кім біледі?! Бас мердігер оазисі бұл құрылғыны не үшін қолданып жатқанын түсіндірсін. Мұны тексеруді сұраймыз”, – деді депутат.

Ол осындай екі аппаратты тапқан.

Жағдайға Павлодар облысының полиция департаменті жауап берді. Олар жағдайға қатысы бар адамдарды анықтау үшін тексеру жүргізетінін мәлімдеді.

"Құрал тәркіленді, сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады. Сонымен қатар полиция қызметкерлері осы нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді", – деп түсіндірді ПД.