4 маусымда түнде әпкесімен және достарымен бірге көңіл көтеру орындарына барып, сол жерде бұрынғы жұбайының досын кезіктірген.
ERNUR.KZ. "НеМолчиKZ" қоғамдық қорының басшысы бұрынғы жұбайының жақын досы зорлаған Павлодар тұрғынының жан-айқайын жеткізді, деп жазады stan.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, 4 маусымда түнде әпкесімен және достарымен бірге көңіл көтеру орындарына барып, сол жерде бұрынғы жұбайының досын кезіктірген. Онда олар сыр шертіп, бірге ішімдік ішеді. Жігіт оған өткен өмірі мен ажырасқанын айтып береді. Кеш бойы павлодардық қыздың жанына өзге ер адамдарды жолатпай қойған.
"Жиналған ортамыз жайлы болды. Ол бізге ішімдік құйып берді. Оның жаман пиғылын байқамадым, сендім, бірақ ол өзі аз-аздан ішіп, мені масаң күйге түсірді", − деп жазады әйел.
Кеш аяқталған соң, таңғы сағат бесте ер азамат оны үйге таксимен жеткізуді ұсынады. Қыз онымен бару қауіпсіз деп ойлап, келіседі. Бірақ жігіт оны өз үйіне алып кеткен.
"Мен үйде емес екенімді түсіндім, кішкентай бөлмеде едендегі матрацтың үстіне жатқан екем, сол жағымда қабырға болды. Ол маған тиісе бастады. Мен оны итеріп, телефонымды сұрадым, әкеме қоңырау шалғым келді. Ал ол телефонымды бермей, шешіндіруге әрекеттенді", - дейді жәбірленуші.
Павлодарлық қыздың айтуынша, ол қарсылығын білдіргеніне қарамастан, еркек оны еркінен тыс зорлаған. Қыз жылап, барынша қарсыласқан, жігіттің бетін тырнап, тістеген.
Осыдан кейін әйел қабырғаны ұрып, көмекке шақыра бастайды. Бұған ашуланған еркек оны ұрып, досын ертіп әкелген. Екі жігіт бірге жәбірленушіні тепкілеп, ақырында "жартылай жалаңаш” кіреберіске лақтырып жіберді.
Болған жағдайдан кейін жәбірленуші полицияға қоңырау шалып, патрульдік көлікте болған оқиғаны айтып береді. Тәртіп сақшылары ер азаматты ұстады. Содан кейін үйден күдіктінің анасы шығып, қыздың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан. Қыздың мәлімдеуінше, осы жағдай кезінде ол үйде болған.
“Тек белсенділер дабыл қаққанда ғана полиция қимылдай бастады. Ал үш ай бойы ешкім маған хабарласпады, керісінше, мен оларға жүгініп, қайта-қайта тергеуді сұрадым”, – деді ол.
Жарияланымға Павлодар облысының полиция департаменті жауап берді. Олар аталмыш фактіге қатысты қылмыстық кодекстің "Зорлау" және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады.
"Іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізілді. 30 қыркүйекте қылмыстық іс материалдарын сотқа беру үшін прокуратураға жіберу жоспарлануда", - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.