Павлодарлық тұрғын жаңа жылдық отшашудың кесірінен көзінен айырылып қала жаздады

0
2 250

1956 жылы туған әйел оң жақ көз алмасының контузиясын алды.


Павлодарлық тұрғын жаңа жылдық отшашудың кесірінен көзінен айырылып қала жаздады

ERNUR.KZ. 64 жастағы павлодарлық жаңа жылдық отшашудан зардап шекті. Салют атылғанда әйел көзінен айырылып қала жаздады, деп жазады Stan.kz.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен Павлодар облысы Розовка ауылының тұрғыны болып шықты.

"2021 жылғы 31 желтоқсанда сағат 00.19-да пиротехникамен жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 1956 жылы туған әйел оң жақ көз алмасының контузиясын алды. Көзіне салют жарықшағы түскен", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Зардап шегуші облыстық ауруханаға көз бөліміне жатқызылды.

"Жағдайы тұрақты. Әйел жеңіл күйік алды", - деп атап өтті дәрігерлер.

Сонымен қатар, облыстың тағы екі тұрғыны қатты үсік шалған.

"1995 жылы туған Павлодар қаласының тұрғыны бірінші дәрежелі екі табанның аязымен және жалпы тоңазумен ауруханаға жеткізілді. Сондай - ақ, Екібастұзда 1962 жылы туған ер адам 1-2 дәрежелі сол және оң қол саусақтарының аязын алды", - деп хабарлады өңірдің ЖҚБ баспасөз қызметі.