Педофилия үшін сотталған шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмеуі мүмкін

0
711

Мәжілістің бейіндік комитеті заң жобасын қабылдады.


Педофилия үшін сотталған шетелдіктер Қазақстанға кіргізілмеуі мүмкін

ERNUR.KZ Мәжіліс депутаттары кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталған шетелдіктердің елге келуін шектейтін заң жобасын мақұлдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұндай норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында бекітілген.


Депутат Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобасы "Халықтың көші-қоны туралы" және басқа да қолданыстағы заңдарды жетілдіру мақсатында әзірленген.

Атап айтқанда, заң жобасында:

көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

елге кіргізуді шектеу;

кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың азаматтық алуы;

экстремистік және террористік қызметке қатысы бар шетелдіктердің елге келуіне тыйым салу;

төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін шешу қарастырылған.

Мәжілістің бейіндік комитеті заң жобасын қабылдады.