Пойыз бірден тоқтатылды. Онда 235 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Петропавлдан Алматыға бағыт алған пойыз вагонында өрт шықты. Оқиға Қарағанды облысының Аршалы – Анар учаскесінде болған, деп жазады exk.kz.
Өрт болғаны жайлы ақпарат "Қазақстан Темір жолы" ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, құрамының соңында орналасқан техникалық вагон өртенген.
Пойыз бірден тоқтатылды. Онда 235 жолаушы болған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ делінген мәліметте.
"Жолаушыларды ауыстыру және Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан тұратын бір реттік пойыз жөнелтілді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы құрылған комиссиясы болған оқиғаның себептерін тексеруге кірісті", делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, стандартты вагондардан жасақталған пойызда сапарлаған жолаушыларға "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау" қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетін болды.