2017 жылы дүниеге келген бала бес қабатты үйдің терезесінен құлаған.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Петропавл қаласында екі жасар сәби 5-қабаттан құлап, шетінеп кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 11 маусым күні сағат 12:35-те Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде болған.
"Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2017 жылы дүниеге келген ер бала құлап кетті. Ол үйде ата-анасының қарауынсыз қалған", - дейді төтенше жағдайлар комитеті.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетті. Алайда бүлдіршіннің көз жұмғаны анықталды.
Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы үйде жалғыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.