Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды

0
95

Мәйіт біраз уақыт жатып қалғандықтан, әзірге оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған.


Петропавлда кәріз құдығының жанынан әйелдің мәйіті табылды

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Қазір осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мүрдесі 27 тамыз күні Петропавлдағы Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан табылған. Мәйіт біраз уақыт жатып қалғандықтан, әзірге оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған.
— Тұрғылықты мекенжайы жоқ әйел деп айтуға болмайды. Өйткені мүрденің жанынан телефон мен кілттер табылды. Болжам бойынша, марқұм бұған дейін жоғалып, іздеу жарияланған әйел болуы мүмкін. Алайда бұл — қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі ғана. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады, — дейді тәртіп сақшылары