Петропавлда түнгі клубта кәмелетке толмаған жасөспірім пышақ жарақатын алды

0
176

Қазір тергеу басталды.


Петропавлда түнгі клубта кәмелетке толмаған жасөспірім пышақ жарақатын алды

Фото: qaz-media.kz

ERNUR.KZ. Петропавлда түнгі клубтардың бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мен бірнеше азаматтың қатысуымен төбелес болып, 2 адам пышақ жарақатын алған, деп жазады inbusiness.kz.

Алдымен 20 жастағы жігіт пен кәмелетке толмаған келуші өзара сөзге келеді. Артынша жанжал төбелеске ұласып, 20 жастағы жігіт жасөспірімді залдың ішінде ұрып жіберген. Оларды күзетшілер мен басқа келушілер ажыратып үлгерген. Алайда жанжал мұнымен аяқталмаған.

Жасөспірім клубтан шығып, кейін қайта оралған. Ол ғимаратқа кірмек болған кезде қарсыласына артынан келіп, пышақпен шабуылдаған. Салдарынан жігіттің оң жамбасынан төрт, оң иығынан үш жарақат түсті. Кейін жанжалға үшінші адам араласып, гардеробта кәмелетке толмаған жасөспірімнің кеуде тұсына пышақ сұққан.

Оқиғаға қатысушылардың арасында бұрын бірнеше рет сотталған азаматтың болғаны да белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен ("Бұзақылық") қылмыстық іс қозғалды.