Полиция көшеде түкіргендердің фото-видеосын жіберуді сұрады

0
519

Жарты жылдың ішінде осы құқықбұзушылық үшін 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Полиция көшеде түкіргендердің фото-видеосын жіберуді сұрады

ERNUR.KZ. Алматы полициясы түкірген адамдардың фото мен видеосын "102" қосымшасы арқылы жіберуді сұрады, деп жазады Stan.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау жүйесі арқылы тәртіпті бұзатындарды анықтап, патрульдік полицияға жылдам хабар бере алады.

Алайда "102" қосымшасы арқылы фото мен видео қабылдауға да болады.

"Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті бұзу және қоғамдық орындарды ластау туралы иллюстрацияларды жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор бейне қоңыраулар, аудио немесе SMS-хабарламаларды қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы өтініш авторларына белгіленген мерзімде хабарланады", - дейді депаратмент қызметкерлері.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері "102" қосымшасы арқылы 500-ге жуық хабарлама түскен. Басым бөлігі көше түкірген адамдарды жазалауды сұрайды.

Жарты жылдың ішінде осы құқықбұзушылық үшін 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетері, 434-ші бап (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш (15 900 теңге) мөлшерінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Ал осы әрекет бір жылдың қайталанса, 31 180 теңге төлеуге тура келеді.