Полиция облыс территориясы бойынша Алматыны айналып өту картасын ұсынды

0
918

Алматы полиция департаменті облыс азаматтарына өз маршруттарын алдын-ала реттеп, жоспарлауға кеңес береді.


Полиция облыс территориясы бойынша Алматыны айналып өту картасын ұсынды

ERNUR.KZ. 19 наурызда сағат 00:00-ден бастап жарияланған карантин ережелерін сақтау, сондай-ақ мегаполистегі көлік көлемін төмендету мақсатында Алматы полициясы қаланы облыс территориясы арқылы айналып өтетін жолдар белгіленген картаны жариялады, деп жазады zakon.kz.

Онда облыс территориясы бойынша қаланы айналып өту бағыттары көрсетілген. Шартты түрде, мысалы Талғар ауданынан Қарасай ауданына және басқа аумаққа қалай жетуге болады. Осы секілді Алматы облысының елді-мекендеріне қаланы басып өтпей жетуге болатын бағыттар картада нақты көрсетілген, деп хабарлайды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, полиция департаменті азаматтарды өз маршруттарын алдын-ала реттеп, жоспарлауға және төтенше жағдайлар мен карантин ережелерін қатаң сақтауға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, короновирустық инфекциямен күресу және алдын-алу бойынша қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.