Қазақстандық тәртіп сақшылары елаумағында өткен «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 18 порнографиялық мазмұндағы тасымалдағыштар, 14 лицензиясы жоқ ІТ бағдарла тәркіледі,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық тәртіп сақшылары елаумағында өткен «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде 18 порнографиялық мазмұндағы тасымалдағыштар, 14 лицензиясы жоқ ІТ бағдарлама тәркіленді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Операция барысында ішкі істер органдарымен 167 құқық бұзушылық анықталды, олардың ішінде 115 фактісі авторлық және сабақтас құқық бұзушылық, ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізу, арнайы техникалық құралдарды заңсыз қолдану, интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық.
«Тыйым салынған еркін айналымнан 8,6 мың бірлік өнім, оның ішінде 8 мың контрафактілік CD-DVD-дискілер мен 11 флеш-карталар, 18 порнографиялық мазмұндағы тасымалдағыштар, 14 лицензиясы жоқ бағдарламалық қамтамасыз ету және 7 басқа ақпарат тасымалдағыштар алынды.
Операция барысында Жамбыл облысында контрафактілік өнімдерді жасайтын цех анықталды», -делінген хабарламада.
Шара ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу және ашу, сонымен қатар, еркін саудаға тиым салынған өнімдерді заңсыз дайындайтын, басып шығаратын және тарататын адамдарды анықтау мақсатында жүргізілген.