Поштаның бұрынғы қызметкері 1 миллион теңге жымқырған

0
1 329

Полиция бөлімшесіне 25 мамыр күні 59 жастағы әйел жүгінген.


Поштаның бұрынғы қызметкері 1 миллион теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Шортандыда бұрынғы пошта қызметкері бір миллион теңгеге жуық ақшаны қалтасына басты деген күдікке ілінді, деп жазады Aikyn.kz.

Шортанды аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне 25 мамыр күні 59 жастағы әйел жүгінген. Оның айтуынша, 2018 жылдың желтоқсанынан бүгінге дейін белгісіз біреулер оның «Қазпошта» акционерлік қоғамындағы есепшотынан 993 мың 500 теңгені шешіп алған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 32 жастағы Шортанды кентінің тұрғынын ұстады. Анықтай келе, ол осыған дейін осы поштада қызмет атқарған болып шықты. Күдікті өзінің жасаған ісін толықтай мойнына алды», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалған. Күдіктіге қатысты міндетті түрде келу мәжбүрлеу процесуалды шешімі қабылданған. Тергеу амалдары жалғасуда.