Пошташы міндеттерінің бір бөлігі ПИК қызметкерлеріне жүктеледі

0
1 216

Бұл туралы «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.​


Пошташы міндеттерінің бір бөлігі ПИК қызметкерлеріне жүктеледі

ERNUR.KZ. Пилоттық жобаны әзірге Қазақстанның елордасында ғана іске қосты. Жобаға 5 пәтер иелерінің кооперативі және 44 үй қатысып жатыр. Осы жаңа енгізілімнің арқасында елордалық пошта қызметкерлерінің жүктемесі азайтылды және жазбаша корреспонденция мен мерзімді басылымдарды жеткізудің шапшаңдығы артты, деп жазады egemen.kz.

«Біздің басты мақсатымыз – шапшаңдықты арттыру. Шілде айында біз пошташыларымызға электр-самокаттар бердік, енді ПИК қызметкерлерін тарту арқылы олардың жүктемелерін азайтып жатырмыз. Бір пошташы, әдетте, күніне 70-тен 300-ге дейін хат жеткізеді. Олардың көпшілігі бір күннің ішінде барлық хат-хабарларды жеткізуге физикалық тұрғыдан үлгермейді. Жүктемелерін жеңілдету үшін біз осы жобаны іске қостық», - дейді Астана поштамты директорының орынбасары Бағлан Оразбай.

«Қазпошта» АҚ ПИК қызметкерлеріне пошташы міндеттерінің бір бөлігін ғана береді. Олардың міндеттеріне тек жеткізілімді іске асыру кіреді, ал филиал қызметкерлері жеткізу парағын жасап, жөнелтімдерді сұрыптайды.

«Біз жөнілтімдерді ПИК-ке өзіміз жеткіземіз, бұл олар үшін жеткізуді жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді. Оларға Қазпошта бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Біз ПИК қызметкерін ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жалдаймыз. 5-15 үйге қызмет көрсетудің төлемі 53,5 мың теңгені, 15-25 үй үшін 60 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, пошта қызметкерінің міндеттерін атқаратын ПИК қызметкеріне зейнетақы жарналары есептеледі», - деді Бағлан Оразбай.

Қазанның басында тағы үш ПИК-пен шарт жасалады деп жоспарлануда. Ал осы жылдың соңына дейін олардың саны 15 болады. Егер пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе және жеткізу мерзімін қысқартса, бұл тәжірибе елорданың барлық аудандары мен аймақтарына таратылады.