Президент ахуалды баяндамақ болған вице-министрдің сөзін бөліп тастады

0
1 750

Мемлекет басшысы жауаптылардың жұмысқа деген немқұрайлығын сынға алды.


Президент ахуалды баяндамақ болған вице-министрдің сөзін бөліп тастады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, одан неге қате болжам жасалғанын сұрады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді. Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.