Президент Алматы облысындағы зираттың қиратылуына байланысты ІІМ басшысына тапсырма берді

0
864

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында вандалдар қиратқан зираттың видеосы пайда болды.


Президент Алматы облысындағы зираттың қиратылуына байланысты  ІІМ басшысына тапсырма берді

фото: ғаламтордан

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Алматы облысындағы православтық зиратты қиратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді", - деп жазды Президент Twitter-де.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысында вандалдар қиратқан зираттың видеосы пайда болды.



Кадрлардан қабірлердің қазылғанын, олардың айналасында гүл шоқтары, кресттер мен қоршаулар жатқанын көруге болады.