6 қараша Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілді.
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
"Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін", – деп жазылған жеделхатта.