Президент грантын иеленген студент «ыдырайтын ыдыс-аяқ» өндіруді ұсынады

0
1 522

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Эздар Бейсенов «Экотренд: биологиялық ыдырайтын ыдыс-аяқ» жобасы үшін Президент грантын иеленді.


Президент грантын иеленген студент «ыдырайтын ыдыс-аяқ» өндіруді ұсынады

ERNUR.KZ. Қостанайлық студент Эздар Бейсенов Президент грантын жеңіп алған 30 жас қазақстандықтың қатарына кірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Эздар Бейсенов «Экотренд: биологиялық ыдырайтын ыдыс-аяқ» жобасы үшін Президент грантын иеленді.

Қостанайлықтың жобасы экологиялық таза және тез ыдырайтын ыдыс-аяқ өндіруге бағытталған, сонымен қатар Қазақстан мен бүкіл әлемнің қоршаған ортасына тиетін зиянды азайтады.

«Бірінші кезекте, менің жобам экологиялық мәдениет және ыдырау мерзімі қысқа экологиялық материалдарды насихаттау туралы. Грантқа келетін болсам, бұл – мен үшін жақсы тәжірибе, бәрі жоғары деңгейде өтті. Әрине, толқыдым», - деді Эздар.

Жеңіп алған 3 миллион теңгесін Эздар өзінің жобасын дамытуға жұмсайды.

Өңірдің білім басқармасы Эздардың жеңіске жетуіне оның ұстаздары Ж.Д. Контробаева мен В.В. Задорожнюктың кәсібилігі мен жоғары ұстаздық шеберлігі ықпал еткенін айтты.

Еске салайық, 8 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлерін марапаттаған болатын.