Президент маңғыстаулық сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды

0
432

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.


Президент маңғыстаулық сарбаздың қазасына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

«Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды», делінген БОРТ 1 Telegram каналында.

23 сәуірде Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай қайтыс болғаны белгілі болды. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылып, бес күн бұрын Қордайдағы әскери бөлімге барған.

"Таңертең сапқа тұру кезінде сарбаз есінен танып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді. Алайда ол есін жимастан қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.
Әлібектің туыстары министрліктің мәлімдемесіне сенбей отыр. Олар жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Әлібектің өзі әскерге барғысы келмеген. 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізген. Сөйтіп, 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген.