Бұған дейін республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген.
Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген.