​Президенттік клиниканың дәрігерлері Қызылорда қаласында пациенттерді тегін қабылдайды

0
2 874

Қабылдау 2021 жылдың наурыз айының 17-18-і күндері өтеді.


​Президенттік клиниканың дәрігерлері Қызылорда қаласында пациенттерді тегін қабылдайды

Қызылорда қаласында «Менің сүйікті дәрігерім» көшпелі акциясы аясында Президенттік клиниканың дәрігерлері пациенттерді тегін қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәрігерлер: Ерлан Денеев - кардиохирург;
Шалқар Смағұлов – дәрігер-аритмолог.
Талапбек Аженов – дәрігер-отоларинголог.
Дәрігерлер қабылдауды 2021 жылдың наурыз айының 17-18-і күндері Қызылорда қаласы, Абай даңғылы мекенжайында орналасқан, Облыстық консультациялық-диагностикалық орталықта өткізеді.
Консультациялық қабылдауға пациенттің өзімен бірге:
кардиохирургтің қабылдауына: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, коронарография/КТ дискісі;
аритмологтың қабылдауына: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы болуы тиіс.
Қабылдау және жазылу туралы толық ақпарат алу үшін +7 (7242) 703703 телефоны бойынша тіркеу бөліміне хабарласуға болады.