Прокурор, генерал әрі депутат енді балалар құқығын қорғайды

0
3 273

Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева 1960 жылы 22 мамырда Торғай облысы Жақсы елдімекенінде дүниеге келген. Тұрмыста, екі баланың анасы.


Прокурор, генерал әрі депутат енді балалар құқығын қорғайды

фотосурет ашық дереккөзден алынды

ERNUR.KZ. Бүгін Президенттің Өкімімен Зағипа Бәлиева қызметінен босап, жаңа омбудсмен болып ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева тағайындалды.

Сәуле Мұханбедианқызы Айтбаева 1960 жылы 22 мамырда Торғай облысы Жақсы елдімекенінде дүниеге келген. Тұрмыста, екі баланың анасы.

Еңбек жолын 1977 жылы Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі болып бастаған. Сәуле Айтбаева прокуратураның түрлі құрылымында 30 жылдан астам бойы еңбек етіп, 2003-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасыны орынбасары, 2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдың 25 қаңтарында ҚР Президенті өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылып, шілде айында Талғат Мұсабаев және Бақытжан Жұмағұловпен бірге ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Сәуле Айтбаева – Тәуелсіз Қазастанның тарихындағы ең алғашқы әйел-генерал.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» атағы бар, «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Сонымен қатар, Сәуле Айтбаева 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

2016 жылы Сәуле Айтбаева оқушыларға қол жұмсау арқылы тәрбиелеудің дұрыс еместігін және қазақстандық отбасыларға баланы жақсы көріп, нашар баға алғаны үшін жазаламау қажеттігі маңызды екендігін айтып кеңес берген болатын.