QazaqGaz және Узтрансгаз Өзбекстан Республикасының аумағы арқылы газ тасымалдау туралы келісімшартқа отырды.
Фото: t.me/qazaqgazkz
ERNUR.KZ. Өзбек ұлттық компаниясы тарапынан құжатқа Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Асқар Исаков, QazaqGaz тарапынан Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.
Келісімшартқа қол қою – газды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтарды бекітеді және газ тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді.
Келісім өңірлік газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңнің тұрақты өтуіне негіз болады.


