Рақымшылық акциясы: 2 мыңға жуық адам бостандыққа шығады

0
121

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында депутаттар тарапынан Рақымшылық жасау туралы заң әзірленіп, қабылданғанын еске сала кетейік.


Рақымшылық акциясы: 2 мыңға жуық адам бостандыққа шығады

ERNUR.KZ. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов рақымшылыққа ілінген қанша адам бостандыққа шығатынын айтты, деп жазады baq.kz.

Конституцияның 30 жылдығы қарсаңында депутаттар тарапынан Рақымшылық жасау туралы заң әзірленіп, қабылданғанын еске сала кетейік.

Кеше ғана Мемлекет басшысы ол құжатқа қол қойып, заң күшіне енді. Рақымшылық жасау арқылы 15 мың азаматтың жаза мерзімі қысқартылады. Оның 2 мыңға жуығы бостандыққа шығады, - деді Қошанов.

Оның сөзінше, бұл – адамгершілік тұрғысынан өте ізгі әрекет.

Қошанов шалыс басқан азаматтарға түзелуге жаңа мүмкіндік беріліп отырғанын қоса кетті.