Кеше Президент «Рақымшылық туралы» Заңға қол қойды.
ERNUR.KZ. ҚР Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев рақымшылыққа ілінгендердың соттылық дерегі базадан қандай жағдайда алынатынын түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Кеше Президент «Рақымшылық туралы» Заңға қол қойды. Бүгін ол БАҚ-та жарияланды. Бүгіннен бастап ол заңды күшіне енді. «Рақымшылық туралы» заң – бұл қаңтар оқиғасына қатысушыларға қатысты мемлекет тарапынан жасалған гуманизм актісі. Бұл ақтау емес. «Рақымшылық жасау туралы» заңда қылмыс жасаған, ауырлығы орташа және ауырлығы аз адамдарды жазадан толық босату қарастырылған. Бірақ егер адам сотталған болса, қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып қалады. Егер қандай да бір тергеу жүріп жатса, онда тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталып, адамның өзі оған рақымшылық жасау актісін қолдану туралы өтініш білдіре алады. Егер адам ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сотталса, оған жаза мерзімі қысқарады. Ауыр қылмыс жасағандардың жаза мерзімі үштен төрт бөлігіне, аса ауыр қылмыс жасағандардың мерзімінің жартысы қысартылады»,- деді Бас прокурордың орынбасары.
Сондай-ақ, ол бұл жолы рақымшылыққа ілінгендердің соттылық дерегі базадан қай жағдайда алынатынын түсіндірді.
«Рақымшылыққа ілінгендер арасында соттылық теріс қылық жасаған, орташа ауыр қылмыс жасаған, ауырлығы онша емес қылмыс жасаған адамдардан алынады», - деді Әсет Шындалиев.