"Редан" субмәдениетінің атауы танымал жапониялық комикстен алынған.
ERNUR.KZ. ЧВК "Редан" деп аталатын топ жайлы хабарлама әлеуметтік желіде көптеп тараған. Сонымен қатар балаларды сауда үйіне жібермеу керегі айтылған хат та ата-аналарды алаңдатып қойды. Хатта "Редан" қатысушылары жиналып, жаппай төбелес шығаратыны туралы айтылған, деп жазады stan.kz.
Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек демалыс күндері ювеналды полицияның профилактика шараларын қабылдағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, 4 наурызда 17:30 шамасында "102" пултіне Бостандық ауданыдағы сауда үйінде жасөспірімдердің жиналғаны туралы ақпарат түскен.
"Жасөспірімдермен заң бұзбау туралы әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қатысты құқық бұзушылық тіркелмеді", – деді ол.
"Редан" субмәдениетінің атауы танымал жапониялық комикстен алынған. Олар жиналып, аниме, ойындар секілді түрлі тақырыптарды талқылайды.