Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады

0
95

Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын.


Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады

Әлеуметтік желілердан алынған

ERNUR.KZ. Ресейдің Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тексеріс бастады, деп жазады tengrinews.kz.

Тексеру басталғаны туралы ақпаратты журналистерге Ресей ІІМ-нің Азаматтық қоғам институттары және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы хабарлады.

"Өтініште келтірілген мән-жайлар бойынша тиісті тексеруді Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ-нің Бас басқармасы жүргізіп жатыр", - деді ведомство басшысының орынбасары Евгений Артёмов.

Бұған дейін ҚР ІІМ Екатерина Биволға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.

Еске салайық, Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне тіл тигізіп видео жариялаған болатын. Кейін Қырғызстанда оны қамауға алу туралы ордер берілген еді.