Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан жеткізілген тауарларды таңбалаусыз кіргізуге рұқсат етті

0
81

Ресей президенті Владимир Путин сәйкес жарлыққа қол қойды.


Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан жеткізілген тауарларды таңбалаусыз кіргізуге рұқсат етті

фото: Пресс-служба "Казахстан Темир Жолы"

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО тауарлары мәртебесі расталған жағдайда, Қазақстан мен Қырғызстаннан тауарларды құжатсыз автомобиль көлігімен Ресей аумағына алып кіруге рұқсат беретін жарлыққа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Жарлық 2025 жылдың 10 желтоқсанына дейін жарамды. Тауарларды қабылдайтын ресейлік заңды тұлғалар тасымалдаушыға Ресей кеден органына өз аттарынан хабарлама ұсынуы тиіс. Ол хабарламада тауарларды қолданыстағы ережелерге сәйкес декларациялау міндеттемесі көрсетілуі керек.
Сонымен қатар, тауарларды алушылар тауарды уақытша сақтау қоймаларына тасымалдауды ұйымдастырып, бұл жөнінде Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігіне хабарлауы керек. Олар сондай-ақ тауарларды 27 желтоқсанға дейін таңбалап, декларациялауы қажет.