2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл елге жеткізілген шоколадтың жалпы құны 78,3 миллион АҚШ долларын құрады.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. 2025 жылдың алғашқы төрт айында Ресей ең көп шоколадты Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанға сатты. Сонымен қатар, импорттаушылардың алғашқы ондығына Қытай мен Германия да кірді, деп жазады inform.kz.
Ресейлік шоколадтың басты импорттаушысы — Қазақстан. 2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында бұл елге жеткізілген шоколадтың жалпы құны 78,3 миллион АҚШ долларын құрады.
Екінші орында — Әзербайжан, бұл елге тасымалданған шоколадтың құны шамамен үш есе аз — 23,4 миллион доллар. Одан кейінгі орындарда:
Өзбекстан — 21,4 млн доллар,
Қырғызстан — 14,7 млн доллар,
Грузия — 8 млн доллар.
Қытай ресейлік шоколадты сатып алу бойынша алтыншы орында — 7,4 млн доллар. Бұдан кейін Армения, Сербия, Молдова елдері тұр, ал Германия 2,1 млн долларлық импортпен алғашқы ондықты қорытындылап тұр.