Ганвестке бірқатар әндерінде есірткіні насихаттады деген айып тағылып отыр.
фото: BK Ганвест
ERNUR.KZ. Осы дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы Қауіпсіз интернет лигасының директоры әрі Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Екатерина Мизулина мәлімдеді.
"Ресей ІІМ-нің Санкт-Петербург қаласы бойынша бас басқармасы Ганвест орындаушысына қатысты бірқатар композицияларында есірткі заттарын қолдануды насихаттауға байланысты әкімшілік құқықбұзушылық ісін қозғады", – делінген хабарламада.
Берілген мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік тергеу жүргізіліп жатыр, ал іс материалдары сараптамаға жолданған.


