Дипломатиялық өкілдік қазақстандықтарға құқықтық мәртебесін реттеу қажеттігін еске салды.
Фото: check-point.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 12 тамызда Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі Ресей Федерациясында жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты маңызды ақпарат таратты, деп жазады inbusiness.kz.
2025 жылғы 10 қыркүйектен кейін құқықтық мәртебені реттеу мүмкін болмайды.
Осы күннен бастап елде болудың заңды негізін жоғалтқан шетел азаматтарына оларды Ресей Федерациясынан шығару шаралары қолданылғанға дейін, заңда көзделген барлық шектеулер қойылады, соның ішінде болашақта Ресейге кіруге тыйым салу қарастырылған.
Естеріңізге саламыз, шетел азаматтарының Ресейде болу мерзімі күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 90 тәулікпен шектелді (сілтеме) (бұрын 180 күн ішінде 90 тәулікке дейін болуға рұқсат етілетін).
Ресей Федерациясында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесін реттеудің уақытша шаралары туралы толық ақпаратпен сілтеме арқылы танысуға болады.